ҚР Көлік министрлігінде Түрікменстанмен шекаралас мемлекеттік шекарадағы Өзен теміржол желісінің аяқталу мерзімі талқыланды

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мақтымқұлы Ақмырадовпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Еуропа бөлігін Парсы бұғазы елдерімен жалғастыратын Түрікменстанмен мемлекеттік шекарадағы Өзен теміржол желісі құрылысы жобасының жүзеге асырылуы тақырыбы сөз болды.

Қазақстан, Түрікменстан және Иран үкіметтері өз мойындарына құрылысты бір уақытта аяқтау және теміржолды 2011 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру туралы міндет алды.

Түрікменстан тарапының ақпараты бойынша, қазіргі таңда құрылыс іс жүзінде аяқталуға жақын. Аталмыш дәлізді толығымен пайдалануға тапсыру үшін жолдың қазақстандық бөлігінің құрылысы уақытында аяқталуы керек екені анық. М.Ақмырадовтың айтуынша, қазақстандық тарап белгіленген уақытта құрылысты аяқтайтынына сенім мол.

Өз кезегінде ҚР көлік ведомствосының басшысы теміржол желісіндегі қазақстандық бөліктің құрылысы елдегі басым жобалардың бірі болып табылатындығын айтты. Соған сәйкес, ол ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басты назарында болады.

Соңғы жаңалықтар