ҚР Көлік және коммуникация министрі Ақкөл қаласында «Қазақтелеком» АҚ-ның дата-орталығында болды

Ақкөл қаласындағы дата-орталық ағымдағы жылғы қазан айында пайдалануға берілген болатын. Бұл құрылғысы бункер сияқты бірегей нысан «арнайы» санатына жатады. Өнеркәсіп орындарынан алшақтығы және оның географиялық орналасуының бірегейлігі Деректерді Өңдеу Орталығының (ДӨО) апатқа ұшыраудан және тоқтап қалудан тұрлаулылығын қамтамасыз етеді.
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуына қарағанда, деректерді өңдеудің жаңа инфокоммуникациялық орталықтарын құру Интернеттің, электрондық коммерцияның, электрондық қызмет көрсету және бұлтты есептеулердің қазақстандық сегментін дамытудың негізгі шарты болып табылады. «Ақкөл қаласындағы халықаралық стандарттардың барлығына сай инфокоммуникациялық орталық сапалы және сенімді бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақтандырылған, яғни оның ресурстарын мемлекеттік органдарға, мемлекет қатысатын корпоративтік бизнеске ұсынуға мүмкіндік береді».
Сенімділік деңгейі - Tier II, ауданы - 480 шаршы метр, серверлік тірек бағандар саны - 80, сыйымдылығы - 1 000 жабдық, қуаты: 1 MВт, резерв сақтау деңгейі: N+1, қолжетімді канал- 20 Гб/с, ДӨО-ның қолжетімділігі- 99,749 %.
Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ дата-орталықтарының торабы бүкіл республиканы қамтитын 17 дата-орталықтан тұрады. «Қазақтелеком» АҚ дата-орталықтарының қызметімен шамамен 10 000 заңды және жеке тұлғалар пайдалады.