09:00, 26 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Жамбыл облысы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді
ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 25 қарашада ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Жамбыл облысы бойынша «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді. Деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кеңестің жұмысына ҚР ККМ автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшылары, жобаны басқару жөніндегі консультанттар мен мердігерлік компаниялардың жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында осы жоба бойынша жұмыс жоспарын орындау және қаржыны игеру мәселелері талқыланды. Мердігерлік компанияларға қаржыны толығымен игеруді қамтамасыз ету және жұмыс кестесіне сай құрылыс жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Сонымен қатар, автомобиль жолдары комитетіне жұмыстардың келесі маусымына материалдарды, соның ішінде битумды дайындау кестесін әзірлеп, мердігерлердің оны орындауын қадағалау жүктелді.