ҚР көлік және коммуникация министрі кең ауқымды мәселелер жөнінде селекторлық кеңес өткізді
Кеңестің жұмысына облыс әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау инспекцияларының, автомобиль жолдары комитеті департаменттерінің, «Казавтодор» РМК филиалдарының, мердігерлік компаниялар мен өңірлік әуежайлардың басшылары қатысты.
Ең алдымен министр Б. Камалиев алдағы жаңажылдық мерекелер және Мәжіліс сайлауына байланысты электоралды кезең күндері барлық деңгейдегі басшылар осы кезеңде өз саласындағы жағдай мен жұмысқа дербес жауапты екендігін атап өтті. Осыған орай, ведомстволарға қарасты кәсіпорындардың жұмыскерлеріне жалақы төлеуді, сондай-ақ, көліктің барлық түрінінің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет.
Б. Камалиев азаматтық авиация туралы мәселені қараған кезде, авиакеросинмен тұрақты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу керектігіне назарын аударды. Сондай-ақ, Павлодар облысы әкімінің сауалына байланысты жаңа жыл күндері Астана - Павлодар - Астана және Алматы - Павлодар - Алматы авиарейстерін жүзеге асыру мәселесі шешілді. Сонымен қатар, ауа райының жақсаруына байланысты Астана және Алматы қалаларынан Ақтөбеге әуе кемелерінің ұшуы қайта жанданды.
Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысты қамтамасыз етуге қатысты жалпы республика бойынша қарды тазарту жұмыстарын жүргізу үшін 1236 техника бар. Күн сайын кәсіпорынның сайтында республикалық жолдардағы оперативті жағдай бойынша ақпарат орналастырылады. Ауа райы жағдайларына байланысты жолдардың күрделі жабық учаскелерінде видеотүсірілімді көрсету ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы ауа райының жағдайы туралы ақпаратпен алмасып тұратын 33 жарықдиодты жол белгілері сатып алынды.
Ақпаратты тыңдай келе, министр Б. Камалиев «Казавтодор» РМК басшылығына биылдың өзінде қаңтар айына жеткілікті жанар-жағармайды сатып алуды, сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты, әсіресе, мереке күндер, автожолдарды қадағалауды күшейтуді және жұртшылықты жолдардың жабылғандығы жөнінде уақытылы хабарлауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Селекторлық кеңесте техникалық бақылау орталықтарының дайындығы мен атқарылған жұмыстар жайлы және жолаушыларды тасымалдауды лицензиялау барысы туралы мәселелер тыңдалды.
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарына техникалық бақылау жүргізу толығымен жеке меншік орталықтар орындайтындықтан, министрлік Қазақстанның барлық өңірлерінде техникалық бақылау орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөнінде қажетті шаралар іске асырылды. Енді техникалық бақылауды көлік құралының тіркеу орнына қармастан өте беруге болады. Мобильді желінің міндетті түрде болуы ауылдық жерлерді де қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүргізушілер үшін техникалық бақылауды өту үшін қажетті құжаттар тізімі қысқартылды, сондай-ақ, бюджетке төлемдер жойылды.
Б. Камалиев облыстық әкімдіктердің өкілдеріне барлық мәселерді бірлесіп оперативті шешу арқылы техникалық бақылау орталықтарын уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін және Қазақстанның барлық өңірлерінде оны тиісті деңгейде жүргізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.
Үстіміздегі жылғы шілде айынан бастап жолаушы тасымалын лицензиялау ережелері күшіне енді. Лицензиялау кәсіби тасымалдаушылар мен сәйкес болатын көлікке жолаушылар тасымалы нарығына жол беру арқылы тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінгі таңда жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығын беретін 554 лицензия берілді. Тұрақты тасымалындағы тасымалдаушылардың 70 % қажетті лицензияларын алды. Тұрақты емес тасымалдағы тасымалдаушылардың 30 %-да лицензияланған.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша 2012 жылғы материалдарды дайындау барысы жөнінде автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов мәлімдеді.
Селекторлық кеңес нәтижелері бойынша Б.Камалиев қарастырылған мәселелер жөнінде хаттамалық тапсырмалар берді.