ҚР Көлік және коммуникация министрі Нидерланды Корольдігінде өткен іс-шараларға қатысты
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметінен.
Мамырдың 26-сында Ә.Құсайынов Амстердам қаласында өткен Бүкіләлемдік ақпараттық технологиялар конгресінде қазіргі заманауи ақпараттық жүйенің жетістіктерін, оны әрі қарай дамыту және жаңа технологияларды енгізу, өмірдің әртүрлі саласында қолдану мәселелерін талқылауға қатысқан. Сондай-ақ ол «Ұтқыр шешімдер» сессиясында «Тиімді көлік қозғалысы: біз бүгін «В» нүктесінен ертең «А» нүктесіне қалай жетеміз» деген тақырыпта баяндама жасаған.
«Министрдің баяндамасында Қазақстанда көлік ағынының тиімділігін арттыру жөнінде көлік ведомствосының атқарып жатқан жұмысы жайында айтылды. Сонымен қатар, Интеллектуалдық көліктік және төлемақы жүйесін енгізу, көліктік мәліметтер базасының ақпараттық талдау жүйесін жасау және қозғалыстағы көліктің салмағын жоғары жылдамдықпен анықтау құралдарын енгізу мәселелері айтылды», делінген баспасөз хабарламасында.
Мамырдың 27-інде ҚР Көлік және коммуникация министрі Роттердам қаласында көлік, логистика және инфрақұрылым жөніндегі «Қазақстан: Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліз» бизнес-конференциясына қатысқан. Бұл шара ҚР-ның Нидерланды Корольдігіндегі Елшілігі мен сауданы дамытудың Қазақстан-Нидерланды кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Бизнес-конференциядағы өз баяндамасында министр Ә.Құсайынов 100-ден астам қатысушыларды еліміздің ағымдағы жағдайы және көлік саласын одан әрі жетілдіру жөнінде атқарылып жатқан шаралары жайында хабардар еткен.
Ведомстовның хабаралуынша, жоғарыда аталған іс-шаралар аясында Ә.Құсайынов Нидерланды Корольдігінің экономика министрі Мария Ван Дер Хувенмен, Нидерланды Корольдігінің көлік министрінің орынбасары Лидевайде Онгерингпен екіжақты кездесу өткізген. Сонымен қатар Еуропадағы ең үлкен және әлемде 4-ші орынға ие Роттердам қаласындағы порттың жұмысымен танысқан.
«Екіжақты кездесу аясында Қазақстанның, Ресей мен Беларустің Кедендік одағын құру, ҚР ДСҰ-ға енуі , халықаралық транзиттік «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізі мега-жобасының артықшылықтары, нидерландылық компаниялардың Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде қатысуы туралы, сондай-ақ Нидерланды Корольдігінің логистиканы дамыту саласы мен азаматтық авиация ұшқыштарын оқытуда тәжірибе алмасу жайында ой-пікір алмасылды», делінген баспасөз баянында.