ҚР көлік және коммуникация министрі «ТранзитҚазақстан-2011» халықаралық көрмесін ашты

ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 10 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан көлік күндері көрмелік-конференциялық жобаның шеңберінде «ТранзитҚазақстан-2011» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы болды,
None
None

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Салтанатты ашылу кезінде ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «ТранзитҚазақстан-2011» көрмесі және «ТРАНСЕУРАЗИЯ» конференциясы секілді ірі бейнелі іс -шараларды өткізудің мақсаты - Қазақстанның транзиттік әлеуетін және оның Еуро-Азиялық кеңістікте үздіксіз және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету рөлін одан әрі насихаттау екендігін атап өтті.

Анықтама: «ТранзитҚазақстан» халықаралық көрмесін өткізу - бұл тәжірибемен алмасу, көлік саласындағы өзекті мәселелерді шешу және өзара тиімді әріптестік қатынастарды орнату үшін бірден-бір мүмкіндік. Қазақстан Еуро-Азиялық құрлықтың маңызды көлік ағыны орталығында орналасуымен көптеген мемлекеттер үшін стратегиялық әріптес болып табылады. Осы көрмеге 13 таяу және алыс шетелдерден (Қытай, Австрия, Германия, Швейцария, Швеция, Латвия, Литва, Ресей, Украина, Грузия, Өзбекстан және Қазақстан) көлік кәсіпорындары мен компаниялардың қатысуы жоғарыда айтылғанның айқын көрінісі.

Сонымен қатар, министр өзінің құттықтау сөзінде көрмеге ұсынылып отырған көлік кәсіпорындары мен компаниялары бүгінгі күні Еуразия өңірінде сұранысы өсіп жатқан көлік қызметін қанағаттандыру үшін зор әлеует бар екендігін атап өтті. Бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға қолайлы әсерін тигізеді.

Министр Б.Камалиев «ТранзитҚазақстан-2011» халықаралық көрмесі Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі алға тарту үшін өз үлесін қосатынына және біздің мемлекеттеріміздің кәсіпорындары мен компаниялары арасында жемісті ынтымақтастыққа жәрдемдесетініне сенімін білдірді. Сондай-ақ, министр көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына олардың бизнесінде гүлденуі мен алға қойылған мақсаттарына жетуді тіледі.

Соңғы жаңалықтар