ҚР Көлік және коммуникация министрлігі: «Папенбург» компаниясы ынтымақтастық шекарасын кеңейтуді көздеп отыр

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Папенбург» компаниясының басқарма төрағасы Гюнтер Папенбургпен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы ынтымақтастықты нығайту болды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Папенбург» компаниясы Қазақстан үшін цемент-бетон жабынын қолдана отырып, жол құрылысының жаңа технологиясын ашты. Атап айтқанда, ол Астана - Бурабай автомобиль жолын жаңғырту жобасында қолданылды. «Папенбург» компаниясы осы жобаның мердігерлерінің бірі - «К-Дорстрой» ЖШС-ның қосалқы мердігер ұйымы ретінде шақырылған болатын.

Бүгінгі кездесудің барысында «К-Дорстрой» және «Папенбург» компанияларының өкілдері автожол саласындағы басқа жобаларды іске асыруға қатысуға атсалысу ниеттері туралы мәлімдеді.

Көлік ведомствосының басшысы цемент-бетон жабынының технологиясы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мегажобасын іске асыру барысында қолданылатынын атап өтті. Ағымдағы және келесі жыл ішінде конкурстық ресімдер өткізілетін болады. Оған қатысуға барлық мердігер ұйымдар, оның ішінде «К-Дорстрой» және «Папенбург» компаниялары да шақырылмақ.

Соңғы жаңалықтар