ҚР Көлік және коммуникация министрлігі: Үкіметаралық комиссиялардың шарттары бақылауда

деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ә.Құсайынов екі - Қазақстан-Иран және Қазақстан-Грузин Үкіметаралық комиссияларының тең төрағасы болып табылады. Сонымен қатар, министрлік Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясының жұмысына да қатысады.
Үкіметаралық комиссияның бұған дейінгі отырыстарында қаралған мәселелерді талқылау барысында ортақ уағдаластықтардың басым саны Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының үлесіне тиетіні айтылды. Атап айтқанда, банк саласындағы, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері қозғалды.
Мәселен, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ қазақстандық астықты ирандық нарыққа жеткізу мәселелері бойынша ұдайы келіссөздер жүргізуде.
Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық ауқымында жеңілдікті жағдайда Тегран-Алматы тікелей әуе қатынасын ашу қарастырылуда.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тағы бір ірі жоба - Өзен (Қазақстан) -Қызылқия-Берекет- Этрек (Түрікменстан) -Горган (Иран) темір жол құрылысын жүзеге асыруға кірісті.
Кеңес қорытындысы бойынша көлік ведомствосының басшысы Халықаралық ынтымақтастық және көлік саясаты департаментіне Үкіметаралық комиссия отырыстарында қаралған барлық мәселелердің өз мерзімінде іске асырылуын үйлестіруді және бақылауды тұрақты жүзеге асыруды, елдердің басқа министрліктерімен және ведомстволарымен қажетті ұйымдастыру жұмыстарын өткізуді және осы мәселе бойынша ай сайын есеп беруді тапсырды.