ҚР Конституциясында мемлекет пен қоғамның қызмет етуі үшін қажетті шарттарды анықтайтын негізгі нормалар мен институттар бекітілген

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада Конституцияның 15 жылдық мерекесі қарсаңында салтанатты жиналыс болып өтті.
None
None

Әріптестерін мерекемен құттықтаған Бас прокурор Қайрат Мәми Конституцияда мемлекет пен қоғамның қызмет етуі үшін қажетті шарттарды анықтайтын негізгі нормалар мен институттардың бекітілгенін атап өтті. Мемлекеттің демократиялық жүйесі еліміздегі тиімді басқаруды, саяси тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Қазақстанның қарқынды дамуы оның халықаралық деңгейдегі орнын нығайта түсті және еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі осының дәлелі болып отыр, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Конституциялық заңдылықты нығайту ісінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуына ауқымды үлес қосып, алдына қойылған міндеттерін абыроймен орындап отырған прокуратура органдарына маңызды рөл бөлінген.

Бас прокурор осы күні дәстүр бойынша ант қабылдаған прокуратура органдарының жас қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ата Заңның мерейтойына орай міндеттерін үлгілі орындап, адал қызмет атқарғандары үшін прокуратура органдарының жиырма бес қызметкері кластық шендер алып, Бас прокурордың Құрмет грамотасымен және өзге ведомстволық наградалармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар