ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елімізге ресми іссапармен келген өзінің әріптесі Украина Қорғаныс министрі Михаил Ежельмен кездесті

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елімізге ресми іссапармен келген Украина әскери делегациясы және өзінің әріптесі Украина Қорғаныс министрі Михаил Ежельмен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

- Қазақстан-Украина әскери ынтымақтастығы 2005 жылғы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Қазақстан-Украина келісімі және 1997 жылғы Әскери ынтымақтастық жөніндегі қорғаныс министрліктері арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асырылуда, - деді ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

- Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Украинамен басым салалардағы, соның ішінде әскери және әскери-техникалық салаларда серіктестік қатынастарды дамыту және ынтымақтастықты нығайтуға үлкен көңіл бөледі.

Әділбек Жақсыбеков жүйелі кездесулерді өткізу екі ел армиясының қарым-қатынастарына үлкен әскер ететіндігін атап өтіп, Украина тарапын Қазақстан армиясындағы жағдаймен таныстырды.

- Қазіргі танда біз Қарулы Күштерімізді сапалық өлшемдерін жақсарту арқылы жетілдіруді жалғастырудамыз. Бұл 2015 жылға дейін Қазақстан армиясының келбетін өзгертуге септігін тигізеді, - деді Қазақстан Қорғаныс министрі. - Біз ең жоғары халықаралық стандарттарға сай күштер мен құралдарды жедел өрістетуге қабілетті кәсіби армия құру жөніндегі Елбасы қойған стратегиялық тапсырмаларды орындаудамыз. Ал осы тапсырманы орындау біздің серіктестеріміздің қолдауынсыз, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибені зерттеусіз мүмкін емес.

Бүгінгі таңда ең басты басымдылықтардың бірі отандық қорғаныс-өндірістік кешенді дамыту болып табылады. Осы мәтінде шетел серіктестерімен, соның ішінде Қазақстан қорғаныс ведомствосы үшін маңызды серіктес болып табылатын Украинамен әскери-техникалық ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінеді.

Ынтымақтастықты ары қарай дамыту және белсенділігін арттыру, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара әрекет етуінің құқықтық негізін құру ұмтылысының дәлелі ретінде бірқатар құжаттарға қол қойылды - Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Украина Қорғаныс министрлігі арасында әскери ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2012 жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасы.

Қазақстан Қорғаныс министрі Украина Қорғаныс министрін Астанада 2012 жылы 7 мамырда өткізілетін Қазақстан Қарулы күштері құрылуының 20 жылдығын мерекелеуге, сонымен қатар Қазақстан армиясының мерекелік кезеңі қарсанында екінші қазақстандық халықаралық қару-жарақ, әскери техника мен әскери-техникалық мүлік көрмесі «KADEX-2012»-ге де шақырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің бүкіл жеке құрамы атынан 6 желтоқсанда 20 жыл толуына орай Украина Қарулы Күштерінің құрылу күнімен құттықтады.

Кездесу аяғында Қазақстан мен Украина Қорғаныс министрлері әскери және әскери-техникалық саладағы қорғаныс ведомстволары арасындағы бірлескен жұмыстың өзара сенімділікті арттыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретіндігіне сенім артты.

Соңғы жаңалықтар