ҚР Қорғаныс министрі әскери-дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізеді

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Ертең Қорғаныс министрлігінің басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен, Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізіліп, онда 2008 жылғы бірлескен жұмыстардың қорытындысы шығарылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери атташе ? 20-дан астам мемлекеттің өкілдері ? Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарақталуы, халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастық ауқымы, сондай-ақ, екі жақты іс-қимылдар туралы хабардар етіледі. Қорғаныс министрі өткен жылы өткізілген әскери жаттығу дайындықтары санының 38-ге дейін өскендігін (2007 жылы барлығы - 14) атап өтті. Оның ішінде, Қазақстан аймағында халықаралық жаттығулар да болды, атап айтқанда, «Өзара іс-қимыл», «Дала бүркіті», «Алдаспан», «Қалқан» жаттығулары, оған басқа мемлекеттердің қарулы күштері де қатысты.Қазақстан әскері үшін, шет мемлекеттердің ірі әскери және азаматтық оқу орындарында әскери қызметкерлердің оқуларын жалғастыруы өте маңызды. Сондай-ақ, қазақстандық мамандарды жоғары технологиялық және терең ғылыми мамандықтарға оқытуға мән берілуде. Брифингте Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО секілді құрылымдармен халықаралық әскери ынтымақтастығы мәселелері де сөз болмақ.
Соңғы жаңалықтар