ҚР Қорғаныс министрлігі күзгі әскер қатарына шақыру науқанын жалғастыруда

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әскери қызметке шақырылушы жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Әскер қатарына шақырылушы күні» әскери-партиоттық іс-шарасын Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған болатын.
None
None

Акция аясында осы күні ҚР Қарулы Күштерінің қатарында мерзімді әскери қызмет атқару үшін 35 жас жігіт жіберілді. Барлығы осы күзгі әскер қатарына шақыру науқанында қала Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 600 адамға жуық адамды әскерлерге жөнелтеді.

Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, әскер қатарына шақырылушы жастардың туған-туыстары, әскер қатарына шақырылу жасына дейінгі жастар, қала тұрғындары қатысты.

Сондай-ақ 28 панфиловшылар саябағында өткен іс-шарада әскери қызметшілер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай іс-шаралар әскери-патриоттық тәрбие мәселесін жандандыруға ықпал етіп, әскери қызметтің беделін арттырады, сондай-ақ жастардың Отан қорғауға дайындығын қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар