ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимараты жанында асылып қалған адамның кім екені белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимараты жанында асулы күйде табылған адамның кім екені белгілі болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген ресми жауабында Астана қалалық Ішкі істер департаменті хабарлады.
«Жедел шаралардың нәтижесінде ер кісінің кім екені анықталды. Ол - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, 1978 жылы туған. Өзіне-өзі қол жұмсаған», - делінген хабарламада.
ІІД хабарлауынша, аталмыш ер адамның мүрдесі 12 тамызда 10:30 сағатта Түркістан-Достық көшесінің қиылысында табылған және оның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталмаған.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілді. Тиісті сараптамалық жұмыстар тағайындалды.