ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Атырау облысына барды. Бұл туралы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Министр Н. Қаппаров, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев кен орнынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған газ құбыры бойын тікұшақпен аралап шықты. Таяуда газдың құбырдан шығуына әкеліп соқтырған штаттан тыс жағдайлар орын алған. Соның салдарынан зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

Министр «Болашақ» зауытының технологиялық тұрғыдан жабдықталуы және аумақтың ағымдағы экологиялық жағдайымен танысты. Сонымен қатар Н. Қаппаров «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC) Консорциумы мен «Agip KCO» компаниясы өкілдерінің газ құбырының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіп жатқан іс-шаралары жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша Атырау облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға залал келтіру ықтималдығы анықталып, зиян келтірілген жағдайда төленетін айыппұл мөлшері белгіленеді.

Іссапар қорытындысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаров, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Мұнай және газ вице-министрі Б.Ақшолақов, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Сауранбаев аумақтың экологиялық мәселелері талқыланған кеңес отырысын өткізді.

Соңғы жаңалықтар