ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Жамбыл облысында жаңғырмалы энергия көздерінің жобаларымен танысты

ТАРАЗ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Жамбыл облысында жаңғырмалы энергия көздерінің жобаларымен таныс болды, деп хабарлады өңірлік әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Жамбыл облысы бойынша жұмыс сапары кезінде министр қуаттылығы 504 кВт-тық «Отар» күн электр стансасының және Қордай ауданында қуаттылығы 1,5 мың кВт жел электр стансасының жұмысымен танысты.

Облыстық әкімдіктен алынған ақпаратқа зер салсақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін Отар кентінде күн электр стансаның қуаттылығын 7 мВт-қа дейін, Қордай ауданында жел электр стансасының қуаттылығын 20 мВт-қа дейін арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, облыста «жасыл экономикаға» көшу әлеуетті бағыттардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары жаңғырмалы энергия көздері бойынша жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, бұл - су электр стансасы, жел электр стансасы және күн электр стансасының құрылыстары.

Атап өтейік, 2010-2012 жылдар аралығында облыста жаңғырмалы энергия көздері бойынша 3 жоба іске асырылды. 2011 жылы Мерке ауылында 1,5 мың мВт-тық су электр стансасы пайдалануға берілді. Қазақстанда алғашқы рет Қордай ауданына қарасты Отар кентінде негізгі электр желісінен қуат алатын өндірістік күн энергия стансасы іске қосылды. 2013 жылы 3 су электр стансасын іске қосу көзделіп отыр. 2014-2015 жылдары Жаңатас қаласында ЖЭС іске қосылатын болады.

Министр сондай-ақ Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасын аралады. Ағымдағы жылдың сәуір айында бұл жерде қуаттылығы 9,2 мВт-тық су электр стансасы іске қосылмақ.

Қазіргі уақытта облыста 117 су қоймасы бар. Олардың бесеуі республиканың меншігінде, 102-сі коммуналдық меншікте және 10-ы жеке меншікте. Олардың барлығы мемлекеттік органдардың жіті бақылауында.

Оған қоса Н. Қаппаровқа облыс аумағында үш су қойманың құрылысы бойынша жобалар таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар