ҚР Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия отырысында басшы лауазымдарына үміткерлер қаралды

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің және Ішкі істер министрлігінің басшы лауазымдарына кандидаттар қаралды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріндегі басшылары қызметіне 16 кандидатты таныстырды. Соның ішінде үш қызметкер Президент Әкімшілігінен, үшеуі - ұлттық қауіпсіздік органдарынан, тағы үшеуі - прокуратурадан, алтауы - қаржы полициясынан, біреуі - Жоғарғы соттан болды. «Бұл қызметтерге үміткерлерді Агенттік алғашында түрлі азаматтық және күш органдарынан болған 32 адам қатысқан байқау негізінде іріктеді», - делінген Агенттіктің хабарламасында. Олар жалпы орнатылған процедуралардан (заңнаманы білу бойынша тестілеу) басқа олардың жеке құзыреттерін, медициналық куәландыру және полиграфологиялық зерттеу бойынша кезеңдерден өтті. Осы кезеңдердің барлығынан сүрінбей өткен тұлғалар Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қызметіне ұсынылды. Агенттік аумақтық бөлімшелерінің басшылары қызметіне ұсынылған кандидатураларды қарастырып, келесі кандидаттарды мақұлдады: 1) Астана қаласы бойынша - Азбергенов Дулат Байдалыұлы. Д.Б.Азбергенов құқық органдарында қызмет етіп жүргеніне 25 жылдан асты. Соңғы екі жыл Қауіпсіздік кеңісінде сектор меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2) Алматы қаласы бойынша - Өтеев Шаттық Тынымбайұлы. Ш.Т.Өтеев қаржы полициясы органдарының жүйесінде 15 жылдан астам түрлі қызметтерді атқарды. Соңғы қызметі - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) жемқорлықты ашу және алдын алу департаменті бастығының орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 3) Ақмола облысы бойынша - Исаков Нұржан Әзімханұлы. Н.Ә.Исаков - әділеттің 3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі, 25 жыл бойы арнайы және құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Соңғы жылдары Бас прокуратура департаментінің бастығы қызметін атқарды. Бұған дейін «Құрмет» орденімен марапатталған. 4) Ақтөбе облысы бойынша - Сунтаев Қайрат Имятұлы. Қ.И.Сунтаев 23 жылдан астам құқық қорғау органдарында қызмет жасады. Соңғы бес жылда Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы болып жұмыс атқарды. 5) Алматы облысы бойынша - Потанин Сергей Александрович. С.А.Потанин құқық қорғау органдарында 18 жылдан астам уақыт еңбек етті. 2014 жылдан бері Алматы облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары болды. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 6) Атырау облысы бойынша - Ахметжанов Марат Мұратұлы. М.М.Ахметжанов - 3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі. 20 жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс атқарды. Соңғы екі жылда экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені мемлекеттік марапатының иегері. 7) Шығыс Қазақстан облысы бойынша - Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, 20 жылдан астам уақыт ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. Соңғы уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты басқармасының бастығы қызметін атқарды.
8) Жамбыл облысы бойынша - Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы. М.А. Қожабаев 14 жыл бойы прокуратура органдарында жұмыс істеді, соңғы екі жылы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарды. «Ерлігі үшін» мемлекеттік сыйлығының иегері. 9) Батыс Қазақстан облысы бойынша - Әшірбаев Әділхан Қасымханұлы, 12 жылдан астам ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған. Соңғы қызметі - аумақтық бөлімшеде басқарма бастығы.
10) Қарағанды облысы бойынша - Ыбырайымов Ержан Кебекұлы. Е.К. Ыбырайымов 14 жылдан астам уақыт құқық қорғау органдарында жұмыс атқарды. Соңғы жылдары Жоғарғы сотта бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды. 11) Қостанай облысы бойынша - Үсенов Данияр Бекбергенұлы, 14 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында еңбек етіп жүр. 2012 жылдан бастап - Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары.
12) Қызылорда облысы бойынша - Қарымсақов Мұрат Секешұлы, 25 жылдан астам ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 4 жылдан астам ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшесіндегі басқарманы басқарды.
13) Маңғыстау облысы бойынша - Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі - 23 жылдан астам уақыт. Соңғы екі жылы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарды. Бұған дейін «Құрмет» орденімен марапатталған. 14) Павлодар облысы бойынша - Шакенов Денис Владимирович. Д. Шакенов құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 2013 жылдан бері Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарды. «Құрмет» ордені мен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 15) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - Қабдола Шыңғыс Қайыпұлы. Ш.Қ. Қабдола 15 жылдан астам уақыт құқық қорғау және мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүр. Соңғы жылдары Президент Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 16) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - Ахметов Мұрат Жамбылұлы, соңғы 25 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында жұмыс атқарды. Соңғы атқарған қызметі - Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. Сондай-ақ Агенттік төрағасының бұйрығымен жоғарыда аталған кандидаттар сәйкес қызметтерге тағайындалды.