ҚР құқық қорғау органдарының делегациясы Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тәжірибесімен танысып қайтты

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев бастаған ҚР құқық қорғау органдарының делегациясы іс-сапармен Гонконгқа (Қытай) барып, жергілікті құқық қорғау органдары басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
None
None

Тараптар халықаралық-құқықтық әріптестіктің негізгі бағыттары мен перспективаларын талқылап, Қазақстан және Гонконгтың құқықтық жүйелерінің қалыптасу және дамуы жөнінде пікір алмасты.

А. Шпекбаев шетелдік әріптестерді құқық қорғау жүйесіндегі жүргізілген реформалар, атқарылған жұмыстар қорытындылары мен 2020 жылға дейінгі жасалатын жұмыстардың перспективалары жөнінде ақпараттандырды.

Сонымен қатар, ол қазақстандық делегацияның іс-сапары қалыптасқан өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірибе алмасудың маңызды қадамы болып табылады деп атап өтті.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, пенитенциарлық жүйені реформалау, көші-қон заңнамасын жетілдіру мен полиция қызметкерлерін дайындау саласындағы Гонконг тәжірибесін зерттеуге назар аударылды.

Делегация сонымен қоса, Гонконг полициясының орталық кеңсесінде, жергілікті түзеу мекемелерінде, өрт қызметі мен төлқұжаттарды дайындау орталықтарында және халықаралық әуежайында болды.

Кездесулер тиісті өзара түсінушілік қарым-қатынасы шеңберінде өтті. Тараптар әріптестік дәрежесіне қанағаттанушылық білдіріп, құқықтық мәселелер бойынша өзара ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар