ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мектеп оқушыларының діни киім киюіне қарсы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мектеп оқушыларының діни киім киюіне қарсы. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов айтты.
«Қалай болғанда да, біз мектептерге оқушылардың діни атрибутикалармен жүруіне жол бермеуін кеңес етеміз. Өйткені, мектептерде барлығы да тең болуы тиіс және балаларды пайдалана отырып, қандай да бір уағыз жүргізілмеуі қажет. Қандай да бір қатаң не болмаса басқа да шараларды қолданбастан біз бұл норманы түсіндірудеміз әрі осы бағытта жұмыстар жүргізудеміз», - деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, жыл сайын 1 қыркүйекте қыздардың мектепке хиджап киіп келу деректері кездесіп отырады.
«Біз бұл мәселені саясиландырғалы, оның төңірегінде шу тудырғалы отырған жоқпыз. Бұл өте кінәмшіл сала. Сондықтан да мүфтиятпен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Біз Білім туралы заңның бар екендігіне баса назар аудартамыз және біздің білім беру саламыз зайырлы сипатқа ие», - деді М.Әзілханов.