ҚР МАМ «Бұқаралық шараларды өткізу туралы» заң жобасын әзірлеу үстінде

Бүгін Астанада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттың негізгі бағыттарын айқындау жөнінде өткен кеңесте Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, заң жобасынан бөлек ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік, ұлттық, кәсіби және басқа да мерекелерді мерекелеудің тұжырымдамасы жаңартылады. Бұқаралық шаралар өткізудің типтік ережелері әзірленеді.
«Бұдан басқа, мәдени жетістіктер мен ақпараттар алмасуды күшейту бойынша әкімдіктер тарапынан өңірлер арасында өзара «облыс апталықтарын» өткізу мәселесі қарастырылуда. Есте болса, бұндай шаралар өткен жылы Астанада сәтті жүзеге асқан болатын. Енді осы тәжірибе өңірлерге жұғыстырылады», - деді Д. Мыңбай.