13:18, 08 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған концерті өтеді
МАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 10 қарашада ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған концерті өтеді.
Айтулы мерекеге орайластырылған концертке Белоруссия елінен халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал ұрмалы аспапта ойнаушы Сергей Буранов арнайы шақырылды. Сонымен қатар, «Drum Line kz» ұрмалы аспаптар ансамблі өнер көрсетеді.
Өнер кеші республикалық байқаулардың лауреаты Ерболат Ахмедьяровтың дирижерлігімен өтеді.
Бағдарламада оркестрмен концертке қатысушылардың біріге орындауында Neo Rosauro-ның, Minoru Miki-дің «Маriмbа spiritual» шығармалары орындалатын болады.