17:20, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік хатшысы АҚШ-та сапармен болады - Сыртқы істер министрлігі
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанның 2-сі мен 6-сы аралығында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ-та сапармен болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сапар барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы АҚШ Президенті Әкімшілігі өкілдерімен және Қазақстан және Орталық Азия жөніндегі жетекші сарапшы орталықтарымен кездесулер өткізбек»,-деді ол.
Атап айтқанда, Қ.Саудабаевтың ?Ядролық қауіп-қатерді азайту бастамасы? қорының директорлар кеңесінің жиналысында сөз сөйлеуі және АҚШ-тың жетекші ғылыми зерттеу орталығы болып табылатын Карнеги қорында американдық саясаткерлер, сарапшылармен «дөңгелек үстелде» пікір алмасуы жоспарлануда.