ҚР Мемлекеттік хатшысы М. Тәжин дипломатиялық қызметін аяқтап отырған Беларусь елшісі В. Брылевті қабылдады

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин дипломатиялық қызметі аяқталып, отанына оралғалы отырған Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брылевті қабылдады.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

В.Брылев Қазақстан басшылығына жылы шыраймен қабылдағаны және толыққанды дипломатиялық қызмет атқаруға қолайлы жағдай жасағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол өзінің Астанада жұмыс істеген жылдары экономика, мәдениет және өнердің түрлі салаларындағы Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан жемісті болғанын атап өтті. Дипломат екі елдің мемлекетаралық қатынастары анағұрлым жоғары сапалы деңгейге көтерілгенін айтты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Беларусь дипломатиялық миссиясының басшысына ЕурАзЭҚ, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процестерді тереңдетуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс айтты, сондай-ақ оның бейбітшілік пен достықты нығайту ісінде одан әрі табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар