ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезіндегі басымдықтарын жариялайды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қаңтардың 12-15-і аралығында Австрия Республикасына жоспарланған сапары барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Тұрақты Кеңесінің жаңа 2010 жылдағы алғашқы отырысына қатысып, сөз сөйлейді.
None
None

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында аталмыш ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы Ұйымға Қазақстанның төрағалығы аясындағы алғашқы ресми жиналыс болып табылады. Жиын барысында сөйлеген сөзінде Қ. Саудабаев ұйымның жаңа жетекшісі болып табылатын Қазақстанның төрағалық кезіндегі басымдықтарын жариялайды деп күтілуде. Тұрақты Кеңес отырысынан бөлек Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ құрамындағы ресми институттар және аймақтық миссиялардың басшыларымен, сондай-ақ Ұйым қызметінің түрлі салаларындағы атқарушы төрағаның жеке өкілдерімен кездесулер өткізеді деп жоспарланған», деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар