17:04, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Еуроодаққа жұмыс сапары өтеді
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Еуроодаққа жұмыс сапары өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

«27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтың Еуроодақтың Брюссельдегі штаб-пәтеріне жұмыс сапары өтеді», - деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, жұмыс сапары барысында Қ. Саудабаевтың Еуроодақ басшылығымен, оның ішінде сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегі жоғары өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Кэтрин Эштонмен келіссөздері барысында екіжақты, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағадаластықтардың іске асуын, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті проблемаларды талқылау жоспарланған.