ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша басқармасына жаңа кадрлар іріктелуде

Осыған байланысты БҚО-да тестілеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге келді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары Мирболат Нұртазиннің айтуынша, орталық ведомствоға мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бағытында қосымша құзыреттер берілді. Атап айтқанда, бұған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, сондай-ақ кадр қызметінің қызметкерлермен жұмысын бағалау кіреді. БҚО-ға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жөніндегі кеңесші-инспекторлыққа төрт, қызметкерлермен жұмысты бағалау мен мемлекеттік қызметтен өту жөніндегі кеңесшілікке бір орын беріліп отыр.
Аталмыш байқауға 32 үміткер қатысты. Олардың арасында мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар адамдар баршылық. Сондықтан ең лайықтыларын таңдап алу да оңай емес.
Байқау қорытындысы таяуда белгілі болмақ.