18:21, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды - Елбасының Өкімдері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.