ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайы «Ашық есік» күні мен балаларға арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қайырымдылық шарасын өткізеді

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда желтоқсанның 6-сы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай Орталық мұражайдың ұйымдастыруымен балаларға арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты қайырымдылық шарасы мен «Ашық есік» күні өтеді.
None
None

Іс-шараның мақсаты - жастардың бойында азаматтық және патриоттық, Қазақстан Республикасының тарихына, мәдениеті мен рәміздеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, этносаралық және тұлғааралық өзара түсіністікті дамыту, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге үйрету болып табылады.

Шараға №17 мектеп-интернаттьың тәрбиеленушілері арнайы шақырылды. Балалар Орталық мұражайды, сондай-ақ, олар үшін дайындалатын концерттік бағдарламаны тамашалап, Қазақстан тарихы жөніндегі викториналарға қатысатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара балалардың өз еліне деген мақтаныш пен барлық қазақстандардың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезімдерін сезінуге, өз Отанына деген зор сүйіспеншілік сезімін танытуға мол мүмкіндік жасамақ.

Шара аясында №17 мектеп-интернат пен «SVS NEVRO» қоғамдық қорының жүйке ауруларына шалдыққан балаларының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі тақырыбына арнап салған 80 суреті қойылатын көрме өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар