ҚР мен БАӘ сыртқы істер министрліктері екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі сыртқы істер министрліктері екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Қазақстанның сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың азиялық бағыттағы іс-әрекеттерді нығайту, жандандыру жөнінде мәлімдеме жасағанын атап өткен ол: «Осыған байланысты 28 қарашада Абу-Дабиде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірлігі Сыртқы істер министрлігі арасында саяси консультациялар өтеді. Сыртқы саяси отырыс ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай мен БАӘ Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарек Ахмед әль-Хайдананың төрағалымен жүргізіледі, - деді.

Ресим өкілдің атап өтуінше, кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы саяси қарым-қатынастардың қазіргі таңдағы жағдайы мен болашағын, мемлекеттер арасындағы шарт-құқықтық базаны дамыту, сонымен қатар халықаралық ұйымдарда ынтымақтастықты одан әрі белсендендіру мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар