ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдету туралы жаңа келісім жасау біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа кезеңіне жол ашады - Е.Қазыханов

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдету туралы жаңа келісім жасау біздің қарым-қатынастарымыздың жаңа кезеңіне жол ашады.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы, Елші Норбер Жустенді дипломатиялық мисиясының аяқталуына орай қабылдаған ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов айтты.

Жемісті қызмет атқарған еуропалық дипломатқа алғыс білдірген Е.Қазыханов оның қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

Тараптар Орталық Азиядағы ЕО стратегиясының, сонымен қатар ағымдағы жылы аяқталатын «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы барысын қарастырды.

«Қазақстан басшылығы еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты біріздендіруге зор көңіл бөледі. Қазақстан мен ЕО екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруге қажетті барлық әлеуетке ие», - деп атап өтті Е.Қазыханов.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Еуопалық одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдету туралы жаңа келісім жасау ҚР мен ЕО қарым-қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашатындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде Н.Жустен Қазақстан халқын алда келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, егемендік алған жылдардағы еліміздің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар