ҚР мен Сингапур арасында жүйелі саяси сұхбат орнатылған - Б. Сағынтаев

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапурдың Премьер-Министр Кеңсесінің министрі, Сыртқы істер министрі және Су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрі Грэйс Фу ханыммен кездесті.
None
None

Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Сингапур Республикасы көптеген халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарға сүйенетінін атап өтті. Біздің мемлекеттеріміздің арасында жүйелі саяси сұхбат орнатылған, сонымен қатар, көлік, құрылыс және инфрақұрылым саласында ынтымақтастық дамуда.

«Біз сингапурлық компанияның қазақстандық нарыққа кіруімен құттықтаймыз. Бірлескен жобалар мемлекеттеріміз арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты барынша нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді кездесуде ҚР бірінші вице-премьері.

Екі жақ өзара тиімді инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа, сонымен қатар, Қазақстан ұсынып отырған «Жасыл көпір» өңіраралық серіктестік бағдарламасына және «Expo-2017» халықаралық көрмесіне қызығушылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар