ҚР-ның Сауд Арабиясындағы Елшісі Семейдегі мешіт құрылысының барысымен танысты

СЕМЕЙ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шәріп бүгін Семейде сапармен болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоғары мәртебелі қонақтың жұртшылықпен және аймақтық және республикалық БАҚ журналистерімен болған кездесуінде түсіндіріп айтқанындай, оның Семейге жасаған сапарының негізгі мақсаты  аймақ өмірімен және бір мезгілде сәждеге 2 000 адамның жығылуына мүмкіндік туғызатын Орталық Азиядағы ірі мешіттердің бірінің құрылысымен танысу болған.

«Біздер - елшілер мен дипломатия қызметкерлері Президентіміздің саясатын әлемнің барлық елдерінде дәйекті түрде жүргізіп келеміз. Бұдан бір жыл бұрын сіздердің әкімдеріңіз Мейрамхат Айнабеков Орталық мешіттің құрылысы үшін демеушілер іздеуге көмек көрсетуге өтініш білдірген болатын, - деді Қайрат Лама Шариф. - Қала басшысының өтінішін біз Сауд Арабиясының үкіметіне жеткіздік. Бүгінгі күнгі менің міндетім - бұл мәселені жергілікті жерде зерделеу және қандай нақтылы көмек керектігін айқындау».

Елшінің ақпараты бойынша, қажылық аяқталғаннан кейін биылғы жылдың күз айында Сауд Арабиясында зияратшылардың қайырымдылық жарналары мұсылман әлемінің елдеріне көмек ретінде бөлінетін болады. Егер Сауд Арабиясы Корольдігінде семейліктердің өтініштерін орынды деп санайтын болса, мешіт құрылысының жобасы мақұлданады және қаржыландырылатын нысандардың тізіміне енгізіледі.

Семейдегі жаңа мешіттің құрылысы 2008 жылғы мамырда басталғанын естеріңізге саламыз.

Соңғы жаңалықтар