ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамызда Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Петров Константин Викторович ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін 10 жылдан астам уақыт бойы Ортсайлауком төрағасының орынбасары болған Фоос Владимир Карлович комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады.

Фоос Владимир Карлович 1951 жылғы 20 қаңтарда Челябинск қаласында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолы:

05.1969 - 12.1969 жж. - Локомотив депосы тепловоз машинисінің көмекшісі, Шешен-Ингуш АССР-нің Гудермес ст.;

01.1970 - 05.1970 жж. - Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск полиметалл комбинаты тепловоз машинисінің көмекшісі;

05.1970 - 10.1972 жж. - Әскери-Теңіз Флоты техниктері мектебінің курсанты, Северодвинск қ;

10.1972 - 09.1979 жж. -  Солтүстік флот 51206-А ә/б мичманы, Мурманск облысы Гаджиево кенті;

12.1979 - 06.1990 жж. - Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск полиметалл комбинатының Риддер руднигінің үңгушісі;

07.1990 - 02.1994 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаттары Кеңестерінің жұмысы, басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің босатылған мүшесі, хатшысы, Алматы қаласы;

05.1994 - 03.1995 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік құрылыс және өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комитетінің консультанты, Алматы қаласы;

03.1995 - 10.1997 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты Жалпы бөлімінің консультанты, Алматы қаласы;

10.1997 - 05.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы ;

05.2000 - 06.2003 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Астана қаласы;

06.2003 - 01.2007 жж.- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Астана қаласы;

2007 жылғы 17 қаңтар - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары, Астана қаласы;

2015 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

2015 жылғы 6 наурызда комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы, бес немересі бар.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2006 ж.);

Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Астананың 10 жылдығына» (2008 жыл), : «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2014 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.)

Соңғы жаңалықтар