ҚР ОСК: Биліктің жергілікті өкілдік органдарының алдағы сайлауына әйелдер саяси белсенділік танытуда

«Биліктің жергілікті өкілдік органдарының алдағы сайлауына әйелдердің саяси белсенділік танытып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Әйелдердің ең көп ұсынылуы Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы мен Қарағанды облысының Абай ауданында тіркеліп отыр. Бұл өңірлерде кандидаттардың үштен екісін әйелдер құрайды», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Сонымен қатар Ортсайлауком басшысы сайлау процесіне қатысушылар тарапынан, сондай-ақ байқаушылар, оның ішінде шетелдік байқаушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болып отырғандығын атап өтті.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күнге Ортсайлауком еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 22 елден 52 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Шетелдік сарапшылардан басқа, алдағы сайлауды тәуелсіз байқауды отандық ҮЕҰ-лар да жүргізеді. Осы процеске қатысуға «Қазақстан заңгерлерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия және «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі ниет білдірді.