ҚР ОСК-де саяси партияларды сайлау бюллетенінде тіркеу тәртібінің жеребесі өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауына түсетін партиялардың тізімін сайлау бюллетеніне тіркеуге орай жеребе тастау рәсімі өтті.
None
None

ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов жиналғандардың алдында 1-ден 6-ға дейін сандар жазылған қағаздарды арнайы хатқалтаға салып, саяси партиялар комиссияға құжат тапсыру реттері бойынша оны ашып, өздерінің партияларының сайлау бюллетеніне тіркелу тәртібін анықтады.

Жеребеге сәйкес сайлау бюллетеніне ең бірінші «Нұр Отан» партиясы енгізіледі. Нөмірді партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов таңдаған болатын. Ал ҚКХП сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыровқа 2-ші, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевке 3-інші, «Бірлік» партиясы саяси бюросының мүшесі Роза Қуанышбаеваға 4-ші, ЖСДП сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары Асхат Рақымжановқа 5-ші, «Ауыл» партиясының хатшысы Бөрібай Жексембинге 6-шы нөмір түсті.

Жеребе қорытындысына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда дауыс беруді өткізу кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетеніне осы тәртіппен енгізіледі.

null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар