ҚР ОСК Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де сайлау құқығының тарихы және дамуы туралы дәріс өткізді

Іс-шара Орталық сайлау комиссиясы әзірлеген Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру аясында және 7 ақпанда аталып өтілетін дүниежүзілік сайлау күні мерекесіне орай өткізілді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиялық даму және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректоры Дихан Камзабекұлы дәріске қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев «Демократиялық сайлау құқығының тарихы мен қазіргі заманғы даму үрдістері туралы» дәріс оқыды.
Содан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Л.Сүлеймен және М.Сәрсембаев аудиторияның сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жасы 18-ге толып, сайлауда дауыс беру құқығына ие болған студенттерге куәліктер тапсырды.
Жас сайлаушыларды негізінен сайлаушылар тізімдерін жасау және нақтылау, сайлау комиссияларын құру, сайлауком мүшелерінің жұмыс ерекшелігі, түрлі сайлау рәсімдерін құқықтық реттеу, оның ішінде сайлау учаскесінде дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын анықтау мәселелері қызықтырды.