ҚР ОСК президент сайлауына 101 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова жария еткен аталған қаулыға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 3 халықаралық ұйым мен 9 шет мемлекеттен 101 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың 74-і - ТМД байқаушылары миссиясынан, 1-еуі - ШЫҰ байқаушылары миссиясынан, 7-еуі - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, сондай-ақ төрт байқаушы - Америка Құрама Штаттарынан, үшеуден - Испания Корольдігі мен Молдова Республикасынан, екеуден - Малайзиядан, Польша Республикасы мен Италия Республикасынан, бір-бірден - Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен, Франция Республикасы мен Бельгия Корольдігінен тіркеліп отыр.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 19 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 98 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүргізеді.