ҚР ОСК сайлау кезінде лондондық экзит-полл әдісін қолдануға кеңес береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау барысында жүргізілетін экзит-поллдың лондондық әдісі қолданылса дұрыс болар еді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев айтты.
None
None

«Біз экзит-поллға қарсы емеспіз. Оның әлемде, оның ішінде Қазақстанда да бар құбылыс екендігін түсінеміз. Бұл қоғамдық ұйымдармен, кәсіби әлеуметтанушылармен жүзеге асырылатын іс», - деді ол.

Осы ретте М.Сәрсембаев Ұлыбританияда жүргізілген экзит-полл көңілінен шыққанын атап өтті.

«Ол жақта адам сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққаннан кейін экзит-полл қызметкері оған бюллетеньге ұқсас қағаз беріп, теріс айналады. Ал адамдар өзінің кімге дауыс бергенін тағы бір мәрте көрсетіп, арнайы жәшікке салады. Ол сайлаушыдан кімге дауыс бергенін тікелей сұрамайды. Тікелей сұрасаң кейбіреулер күтілген жауапты бермеуі мүмкін ғой. Міне осы әдісті қолдануға болар еді», - деді ҚР ОСК мүшесі.

Соңғы жаңалықтар