ҚР ОСК тағы 155 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

ҚР ОСК тағы 155 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттен тағы 155 байқаушысын аккредитту туралы қаулы қабылдады.
«Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі бір миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің тағы 155 байқаушысын аккредиттейді», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
ҚР ОСК мүшесінің айтуынша, олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы, соынмен қатар Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан - 1, шет мемлекеттен - 1 байқаушы бар.Барлығы 2016 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 608 байқаушысын аккредиттеді. Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД Миссиясының 293 байқаушысы, 9 - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Миссиясынан, 75 - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, 3 - Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8 - Түркітілдес елдердің Парламентаралық Ассамблеясынан, 10 шет мемлекеттен 23 байқаушы.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді.Осылайша, қазіргі уақытта 725 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат өкілі аккредиттеліп отыр.Айта кетерлігі, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.