ҚР ОСК төрағасы әкімдерді сайлаудың жаңа форматына қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау тәртібін өзгертуге қатысты Президент бастамасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
Мемлекет басшысы өз Жолдауында біз аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлауды бастайтынымызды айтты. Бұл –мүлдем жаңа сайлау. Дегенмен бұл ретте мен 2021 жылдың 25 шілдесінен бастап Қазақстанда апта сайын ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау өтіп келе жатқанын еске саламын

, - деді Нұрлан Әбдіров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Айтуынша, бүгінде ауыл әкімдері корпусының төрттен үші халықтың тікелей сайлауы арқылы қызметке келеді.

Сондықтан бұл бағытта сайлау комиссияларының да, сайлаушылардың да және осы процеске қатысушы өзге де тұлғалардың тәжірибесі бар. Бұл сайлаудың дәрежесі басқа, әкім ретінде сайланғандардың жауапкершілігі жоғары. Оған коммуникация мен сайлаушылар санының көп болуы да әсер етеді

, - деп түсіндірді ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау механизмін өзгерту бастамасын көтерген болатын.

«Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар