ҚР ОСК төрағасы Тәжікстан Республикасының Президент сайлауына бақылаушы ретінде қатысуда

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылар миссиясы құрамында бүгін өтіп жатқан Тәжікстан Республикасының Президент сайлауын байқауды жүзеге асыруда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Ш. Шохиёнмен кездесті.

Аталған кездесу шеңберінде Тәжікстан Республикасы сайлау жүйесінің түрлі аспектілері, сондай-ақ, ел Президентін сайлау кампаниясының барысы талқыланды.

6 қарашада, сайлау күні Қ. Тұрғанқұлов Душанбе қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, сайлау науқанын ұйымдастыру және дауыстарды есептеу ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысымен, олардың сайлау үдерісінің ашықтығын және оның ұлттық сайлау заңнамасы нормаларына сәйкес өтуін қамтамасыз ету үшін қолданатын шараларымен танысты.

7 қарашада Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тәжікстан Республикасындағы Президент сайлауын байқау жөніндегі ТМД бақылаушылар миссиясының баспасөз мәслихатына қатысады.

Тәжікстан Республикасындағы Президент сайлауына Қазақстан Республикасынан барлығы 23 өкіл бақылау жүргізуде, олардың 19-ы ТМД атынан бақылаушылар миссиясының құрамына енеді, екеуі - ШЫҰ миссиясынан және тағы екеуі ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылар миссиясының құрамына енеді.

Соңғы жаңалықтар