ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Австрия Президентімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат. Бүгін, ақпанның 21-де Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Венаға сапары аясында Австрия Республикасының Президенті Хайнц Фишермен келіссөз жүргізді,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен. Әңгімелесушілер қазақстан-австрия қарым-қатынастарының, соның ішінде парламентаралық байланыстардың бүгіні мен болашағына қатысты пікір алмасты. Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық ықыласты сәлемін айтып, Мемлекет басшысының Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізді.Х.Фишер соңғы кезеңде ауқымы кеңейіп отырған сауда-экономикалық байланыстар дәлел болатын екі жақты қарым-қатынастың деңгейіне жоғары баға берді. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі бір миллиард доллардан астам, елуден астам австриялық компаниялар өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау және туризм салаларында жемісті еңбек етуде. Австрия мемлекетінің басшысы «Еуропаға жол» бағдарламасына қызығушылық таныта отырып, өзінің Қазақстанға ресми сапармен баратын ниетін білдірді. Әңгіме барысында энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері қозғалып, Қазақстанда жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға мүдделілік білдірілді.
Соңғы жаңалықтар