11:37, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев Австрия Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің төрайымы Б.Праммермен кездесті
АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат - Кеше Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қысқы сессиясының жұмысына қатысып жатқан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің (парламенті) төрайымы Барбара Праммермен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында 2010 жылы ЕҚЫҰ-на Қазақстанның төрағалық етуі қарсаңындағы және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыруда екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің келешегі талқыланды.Қ.Тоқаевтың айтуынша, осы жылдың басынан бастап Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқару «үштігінің» құрамында жұмыс істеуге кірісті, ал біздің парламент іс жүзінде 2010 жылы Ұйымға төрағалық етуге әзірлікті бастады.Бағдарлама мақсаттарына қатысты айта келіп, төрайым ол тек дипломаттық міндеттерді атқаруға ғана емес, ел ішіндегі елеулі реформаларды жүзеге асыруға да байланысты екенін атап өтті.«Экономикалық реформалармен қатар біз Қазақстанның таяу келешектегі саяси жаңғыруының негізгі бағыттарын белгіледік. Ол ? Парламенттің рөлі мен өкілеттігін бекемдеу, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқару институтын реформалау», - деді төрайым.Үстіміздегі жыл бойына және ЕҚЫҰ-на төрағалық ету кезеңінде парламентшілер халықаралық парламенттік ұйымдардың: ЕҚЫҰ ПА, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы, Еуропалық Парламент, Парламентаралық одақ, ТМД және ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеяларының жұмысына белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отыр. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Астанада Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясы Саяси комитетінің көшпелі отырысы болады, ал маусымда НАТО елдерінің парламентшілері Қазақстан елордасында парламентаралық «Роуз-Рот» семинарын өткізуді жоспарлап отыр.
«Қазақстан Парламенті мен Австрия Федералдық жиналысы арасындағы ынтымақтастық біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығын табысты жүргізуге мүмкіндік беретініне сенеміз», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.
Ол сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысының теріс зардаптарынан өту үшін Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар туралы құлағдар етті.