19:50, 07 Шілде 2010 | GMT +5
ҚР Парламенті мен Үкімет арасында үлгілі өзара қарым-қатынастар қалыптасқан - сенатор Е. Иманқұлов
КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Парламенті мен Үкіметі арасында өзара үлгілі қарым-қатынастар қалыптасқан. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен кеңесте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділбай Иманқұлов айтты.

«Бұдан бір ай бұрын «дөңгелек үстелде» газдандыру және сұйытылған газбен қамтамасыз ету бастамаларын тыңдадық. Енді міне бүгін нақты іске айналғалы отыр, - деді Е.Иманқұлов. - Осылайша істің жақсы басталуы Парламент пен Үкімет арасында өзара түсіністік бар екендігін көрсетеді».
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа республика аумағында сұйытылған газ өндірісін құру мәселесін қарауды тапсырды.