19:20, 28 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Анкарадағы Н. Назарбаевтың ескерткішінде болды
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Түркияға ресми сапары барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ескерткішінде болды. Қазақстан делегациясы өкілдері мемлекет басшысының ескерткішінің алдында естелік ретінде суретке түсті. Айта кетейік, елбасының ескерткіші Түркия астанасындағы халық тығыз орналасқан әсем көшелерінің бірінде тұр. Н. Назарбаев ескерткіші Анкара тұрғындары үшін де жақсы таныс, жарқын бейне.

Қазақ халқы түріктер үшін бауырлас халық. Түркия елі Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындады. Сондықтан, Қазақстанды Түркия халқы жер көлемі жағынан ең үлкен елдердің бірі және Орталық Азияда көш бастап келе жатқан мемлекет ретінде біледі. Бұл Қазақстан басшысының көреген саясатының арқасы. Ендеше осындай басшының ескерткішінің бауырлас елде орнатылғаны оңды іс»,- дейді Анкара тұрғыны Ализ Хакмат.
Ескерткіш жөнінде ойымен бөліскен сенатор Мұхтар Алтынбаев «Қазақстан мен Назарбаев - егіз ұғым. Бүгінгі әлемге танымал мемлекет ретінде тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтіп жатқан елдің басшысының Түркия сияқты бауырлас елде ескерткішінің болғаны өте орынды»,- деді сенатор.