ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Санкт-Петерборда ТМД ПА Кеңесінің отырысына қатысады
ТМД ПА Кеңесі отырысы барысында Кеңес төрағасын сайлау, ТМД мен Парламенттік Ассамблеяның 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ Достастық елдері бойынша өтетін сайлауларды байқау үшін ТМД ПА өкілдерін қатыстыру секілді мәселелер қамтылып отыр.
Бұдан бөлек Сенат спикері Санкт-Петерборға сапары барысында екіжақты қатынастар мен парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында бірқатар кездесулер өткізеді деп күтіледі.
Атап айтқанда, Қ.Мәми ЕурАзЭҚ ПА жауапты хатшысы П.Зверевпен, Укарина Жоғарғы Радасының төрағасы В.Литвинмен, Тәжікстан Милли Меджлисінің Төрағасы М.Убайдуллаевпен, Беларусь Ұлттық жиыны кеңесінің төрағасы А.Рубинмен кездесулер жоспарланған.
Бұдан бөлек Сенат төрағасы РФ Федералдық Жиыны Федерация кеңесінің төраымы В.Матвиенкомен, РФ Мемлекеттік Думасы төрағасы Б.Грызловпен де кездесетін болады.