ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты сайлаушылар сауалдарына жауап берді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін Ерейментау, Егіндікөл, Зеренді аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен пікір алмасқан халық қалаулысы бұл жолы зейнеткерлермен жүздесті. Оларды толғандырып отырған түйткілдер негізінен ардагерлер туралы Заңның жағдайы, зейнеткерлердің әлеуметтік талаптары, ана мен баланың құқығын қорғау, еңбек заңының сақталуы, тұрмысы төмен отбасыларының тауқыметін жеңілдету жайы болды. Оның сыртында банктердегі салымдарының қорғалуы, пәтер жағдайларын жақсарту, коммуналдық төлемдер мен көлікте жүру бағаларының өсуі алаң туғызулы. Мәжіліс депутаты осынау қордаланып қалған сауалдарға жауап қайтара отырып, бұл бағытта Парламент қабырғасында қарастырылып жатқан Заңдар турасында түсінік берді.
Степногор қаласында қаласында өткен осындай кездесуге ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Валерий Котович қатысып, өндірісті қаланың қыс маусымына әзірлігіне ерекше назар аударды.