ҚР Премьер-Министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Күннің бірінші жартысында Үкімет басшысы «Қазфосфат» ЖШС-інде, ««Қазатомөнеркәсіп» Күкірт қышқылы зауыты» БК ЖШС-інде, гидрометаллургиялық «Степногорск тау-химия комбинаты» ЖШС зауытында болып, сондай-ақ Степногорск қаласының өндірістік аймағындағы су жеткізуші магистральдің жағдайымен танысады. Содан кейін Кәрім Мәсімов Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жөніндегі кеңес өтетін Щучинск қаласындағы орталық өрт сөндіру депосының ашылу рәсіміне қатысады.
Күннің екінші жартысында К.Мәсімов «Есіл-Агро» ЖШС-інде, «СТ Агросервис» ЖШС-інде, «Көкшетау жылу» МКК-ында, «КамАЗ-инжиниринг» АҚ-да болып, облыстық Қан орталығына барады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Үкімет басшысы облыстық әкімдікте елдің солтүстік аймағын сығымдалған газбен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңес өткізеді.