ҚР Премьер-Министрі Арқалық педагогикалық институтында білім берудің көкейкесті проблемаларын талқылады

Бұл жерде Үкімет басшысы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кеңес өткізіп, оның барысында білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жобасы мен білім берудің көкейкесті проблемаларын талқылады.
Өз кезегінде институт студенттері Мемлекет басшысы мен Үкіметке жоғары мемлекеттік білім беру саласын гранттар арқылы қолдап отырғанына өз алғыстарын жеткізді.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 1972 жылдан бері жұмыс атқаруда. Осы жылдар ішінде жоғары оқу орны 13 мыңнан астам маманды дайындап шығарды. Мамандар дайындау 4 факультет пен 11 кафедраның күшімен жүзеге асырылады. Оқу бакалавриаттың 21 мамандығы бойынша жүргізіледі. Жалпы жоғары оқу орнында 2 мыңнан астам студент оқып, білім алады, оның ішінде мыңнан астамы мемлекеттік білім гранттарының иегерлері.