20:40, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Д.Медведевті РФ Үкіметінің Төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады, деп хабарланады pm.kz сайты.

«Дмитрий Анатольевич Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалуымен құттықтаймын», - деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-де.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 8 мамырында Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен Мемлекеттік думаның келісімімен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып Д.А.Медведев тағайындалды.