20:02, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясы басшысымен кездесті
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Калленмен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Қазақстанның ағымдағы экономикалық саясаты, экономиканы тұрақтандыру бағдарламасы, қазіргідей жағдайда және дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы дамытуға қатысты іс-шаралар талқыланды.Премьер-Министр миссия басшысына ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.Тараптар әріптестік өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту жөнінде ортақ ұстанымға келді.